Апталық » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
желтоқсан
2021

Апталық

2021 жылы 29 - қараша күні №40 мектеп - лицейінде Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Ағылшын және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен оқушылардың олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары" атты аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Аманжол қатысты. Семинарды мектеп директоры Г.Тұрлыбек алғы сөз айтып, бағдарламамен таныстырып өтті. Семинарға қатысушы мұғалімдер 2 секцияға бөлінді. 1-секцияда педагог - зерттеушы Д.Х.Мурадов "Разбор олимпиадных заданий" тақырыбында мастер класс, педагог - модератор А.Уалихан "Труд людей науки" тақырыбында ашық сабақ, педагог - сарапшы Д.А.Атишева "Play and know" тақырыбында интеллектуалды жарыс және А.Уалихан мен Т.Е. Жұмахасова "Дарынды баламен жұмыс жүргізудегі тиімді әдіс - тәсілдер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 2 - секцияда педагог - шебер С.А.Койшыбаева "Білім алушыларды пән олимпиадасына дайындаудың тиімді жолдары" тақырыбында мастер класс, педагог-сарапшы Ж.С.Көшербаева "The Method of Loci" тақырыбында ашық сабақ, жас маман Ж.О.Құстиін "Train Your Brain" тақырыбында интеллектуалды жарыс, мектеп тренері Ж.Ғ Тоқмолдаева "Іс - әрекеттегі зерттеу барысында қолданатын әдіс - тәсілдер" тақырыбында коучинг өткізді. Семинар педагог - зерттеуші С.А.Искакова мен Р.Т.Тулебаеваның "Созвучие великих: А.С. Пушкин и Абай" тақырыбындағы музыкалық кешімен аяқталды. Семинар соңында қонаққа келген мұғалімдер кері байланыс беріп, жақсы лебіздерін білдірді.
Апталық
Апталық
Апталық
Апталық
Апталық
Апталық
Апталық