Апталық » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ақпан
2022

Апталық

Ақпан айының он алтыншы жұлдызында Шу қаласы N40 мектеп - лицейінде Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігінің айлық барысында "Қазақ тілі мен әдебиеті" сабақтарында мұғалімдердің АКТ - ны пайдалану құзіреттілігін арттыру тақырыбында аудан көлемінде қала және серіктес мектеп мұғалімдері арасында семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ -ны қолдану элементтерін пайдалану.Іс -шара сынып бөлмелерінің ашылуымен мектеп директоры Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызының алғы сөзімен басталды. Кітапхананың оқу залында "Пікір- сайыс сөз додасы" үйірмесінің "Жалын" фракциясы Б.П "Кітап білімнің негізі" деп есептейді тақырыбында пікір - сайыс көрсетті.Жетекшісі Қ.Бұхпанбаева. "Менің атым Қожа" тақырыбында 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі А. Абитова, "Шұғаның белгісі" тақырыбында 9"Ә" сынып оқушыларымен ашық сабақты пән мұғалімі Ж. Рысқұлбекова өткізді. Бірлестік жетекшісі Айгүл Батырханқызы рухани жаңғыру бөлмесінде "Өмір сүру қызық - кітап оқу одан да қызық" тақырыбындағы дөңгелек үстелін жүргізді. Семинар мектебіміздің Акт залында пән мұғалімі Шолпан Болатқызының ұйымдастыруымен "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" тақырыбындағы әдеби сазды кешпен жалғасты. Кешті мектебіміздің өнерлі, биші қыздары аққу биімен ашты."Сахна әлемі" үйірмесінің талантты оқушылары М. Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" атты шығармасынан сахналық қойылым көрсетті. Жетекшісі Жанерке Жанғалиқызы. Кешімізді дарынды оқушыларымыз ақиық ақын Мұқағали ағамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқумен жалғастырды. Жетекшісі Айзада Мырзаханқызы.Гүлмира Галиханқызы семинарға қатысқан көрермендерден кері байланыс алумен қорытындылады.

Похожие публикации:

26 ақпан 2022 Пікірсайыс
05 желтоқсан 2021 Апталық
16 ақпан 2021 Жас дарын