Оқушылардың пән олимпиадасы бойынша қорытындысы » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың пән олимпиадасы бойынша қорытындысы
18
қаңтар
2017

Оқушылардың пән олимпиадасы бойынша қорытындысы

1. Оқушылардың пән олимпиадасы бойынша қорытындысы
Аудандық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар саны - 9, яғни жалпы мектеп бойынша 50% құрады.
«Мен зерттеуге үйренемін» облысытық балғын зерттеушілер байқауында 3 сынып оқушысы Ниязбай Ерасыл биология секциясында жобасын қорғап жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Мектептің 67 оқушысы Республикалық қашықтық олимпиадалар порталы арқылы түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, дипломдарға ие болды. 11 «А» сынып оқушысы Тұрғыналы Айгерім «Болашақтың балалары» интернет-байқауына ғылыми физика номинациясы бойынша қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі Шоманова Р.С. республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.
2. Интеллектуалдық ойындар мен жарыстардың қорытындылары
«Ак бота» Республикалық интеллектуалдық марафонына қатысып жүлделі ІІІ орын алған 9 «а» сынып оқушысы Мұқатай Абзал марапатталды. «ЗОЛОТОЕ РУНО» халықаралық ойын-конкурсында 9 «а» сынып оқушысы Мұқатай Аружан І орынды, 6 «в» сынып оқушысы Назарова Ұлжан ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, халықаралық «Пони» турнирына 40 оқушы қатысып, 9 жүлдегер және 9 жеңімаз сертификаттарын иеленді.
«Шын-Олимп» математикалық қоры ұйымдастырған басқатырғыштар шешу байқауында І дәрежелі дипломын иеленген 5 «а» сынып оқушысы Ахатай Ұлықбек марапатталды.
«Весенний олимп» мәскеу математикалық байқауына мектебіміздің 23 оқушысы қатысты. Бұл байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен 5 «а» сынып оқушысы Исаева Анель, 5 «в» сынып оқушысы Боранбай Аяулым және 6 «б» сынып оқушысы Набиева Жанель марапатталды. Осы байқауда І дәрежелі дипломды 6 «а» сынып оқушысы Мұхамеджан Дарина иеленді.
Үркер зияткерлік интеллектуалды марафонға қатысып мектеп алды сынып оқушысы Қайшыбек Ілияс марапатталды. Және балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық «Бейбіт елдің ұланымын!» атты көркемсурет байқауында І орынды 1 сынып оқушысы Әділ Аңсар иеленді.
ТИГУ ұйымдастырған «Ш.Мұртаза оқуларына қатысып, Келісбаева Диана 9 «б» сынып оқушысы ІІ орын және Унтакова Аяулым 9 «ә» сынып оқушысы ІІІ орын дипломдарына ие болды. Пән мұғалімі А.Төлегенова алғыс хатпен марапатталды.
Республикалық «Бала дауысы» байқауна 3 сынып оқушысы Жахан Исламбек және 6 сынып оқушысы Жексенқұл Нұрсипат қатысты.
6 сынып оқушысы Сағындық Айдын республикалық «Өнерге қанат қаққандар» атты байқауында ұлттық аспап номинациясында бас жүлде иеленді. «Ұлы дала» дарынды балалар арасында өткен халықаралық байқауында алғыс хатқа иеленді. Облыстың талантты жастарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған « Дельфий ойындарына» қатысқаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. «Атадан қалған мұрамыз» республикалық байқауында 3-орын иеленді. 11-ші Ұлттық «Дельфий ойндарына» қатысқаны үшін ҚР білім және ғылым министрлігі сертифакатына иеленді.
3.Мұғалімдердің түрлі байқауларға қатысуының қорытындысы
Куандыкова Ж.Е. облыстық «Үздік флипчарт» байқауының І дәрежелі дипломы ;
Кийкбаева Э.Д. облыстық «Үздік сабақ» байқауының ІІІ дәрежелі дипломына ;
Кайракбаева А.С. облыстық «Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасының» ІІІ дәрежелі дипломы;
Мектеп директоры Г.Тұрлыбек Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу БАҰО» АҚ ұйымдастырған «Үздік көшбасшы» байқауында«Үздік көшбасшы» номинациясын иеленді.
«Мен зерттеуге үйренемін» облыстық балғын зерттеушілер байқауы жүлдегерінің жетекшісі Даденбаева Кулимхан Тажихановна марапатталды.
«Шын-Олимп» математикалық қоры ұйымдастырған мұғалімдерге арналған басқатырғыштар шешу байқауының І дәрежелі дипломын математика пәнінің мұғалімі Баймурзаев Е.Ш. иеленді.
«Бейбіт елдің ұрпағы» атты республикалық көркем сурет байқауына шәкірттерін қатыстырып белсенділік танытқаны үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Темірбеков А. С. марапатталды.
«Тәуелсіздік -тұғырым» атты республикалық көркем сурет байқауына шәкірттерін қатыстырып белсенділік танытқаны үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Д.Муражанова дипломмен марапатталды.

Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына жеңімпаздарын дайыдаған үшін Тезекбаева Кенжегүл мен Тлекеева Бақытгүл Үркер зияткерлік орталығы дипломымен марапатталды.
Халықаралық ПОНИ байқауының жүлделі жеңімпаздардын дайындаған мұғалімдер ұйымдастыру комитетінің Алғыс хаттары және дипломдарымен марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен мектеп директоры Тұрлыбек Г.Қ. және директордың ғылыми –әдістемелік жөніндегі орынбасары Қанайқұлова Г.О. марапатталды.
«Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы екінші республикалық педагогикалық оқуларының ІІІ дәрежелі дипломы және сертификатына ағылшын тілі пән мұғалімі Койшибаева С.А. иеленді.