Оқушылардың жетістіктері » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қазан
2016

Оқушылардың жетістіктері

Оқушылардың жетістіктері
1. Оқушылардың пән олимпиадасы бойынша қорытындысы
Аудандық олимпиадаға мектептен жаратылыстану бағыты бойынша 8 оқушы және гуманитарлық бағыты бойынша 10 оқушы, жалпы 18 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар саны - 9, яғни жалпы мектеп бойынша 50% құрады.
Ал салыстырмалы тұрғыда 3 жылдық пән олимпиадасының көрсеткішіне тоқталатын болсақ:
2013-2014 оқу жылында 53%. Қатысқан саны-17 , І орынды -2, ІІ орынды -1, ІІІ орынды -6 Жалпы -9 орын
2014-2015 оқу жылында 53%. Қатысқаны-17, І орынды-1, ІІ орынды -4, ІІІ орынды – 4 оқушы.
2015-2016 оқу жылында 50 %. Қатысқан саны - 18, І орынды -1, ІІ орынды -3, ІІІ орынды - 5 Жалпы -9 орын.
2. Ғылыми және шығармашылық жоба байқауларының қорытындысы.
2015-2016 оқу жылында «Мен зерттеуге үйренемін» аудандық балғын зерттеушілер байқауында «Дәруменге бай асқабақ» тақырыбында 3 сынып оқушысы Ниязбай Ерасыл биология секциясында жобасын қорғап жүлделі ІІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталды. Аудандық қыз балалар арасында «технология пәнінен оқушылардың шығармашылық жобасына» қатысып жүлделі ІІ орын иеленген 9 сынып оқушысы Унтакова Аяулым марапатталды.
2.3 Оқушылардың қашықтық олимпиадасына қатысуы
Мектептің 67 оқушысы Республикалық қашықтық олимпиадалар порталы арқылы түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, дипломдарға ие болды. Пән мұғалімдері порталдың алғыс хатымен марапатталды. Ал 11 «А» сынып оқушысы Тұрғыналы Айгерім «Болашақтың балалары» интернет-байқауына ғылыми физика номинациясы бойынша қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі Шоманова Р.С. республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.

2. Интеллектуалдық ойындар мен жарыстардың қорытындылары
2015-2016 оқу жылында «Ак бота» Республикалық интеллектуалдық марафонына қатысып жүлделі ІІІ орын алған 9 «а» сынып оқушысы Мұқатай Абзал марапатталды. «ЗОЛОТОЕ РУНО» халықаралық ойын-конкурсында 9 «а» сынып оқушысы Мұқатай Аружан І орынды, 6 «в» сынып оқушысы Назарова Ұлжан ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, халықаралық «Пони» турнирына 40 оқушы қатысып, 9 жүлдегер және 9 жеңімаз сертификаттарын иеленді. Үркер зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған интеллектуалды марафонға қатысып мектеп алды сынып оқушысы Қайшыбек Ілияс марапатталды. Және балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық «Бейбіт елдің ұланымын!» атты көркемсурет байқауында І орынды 1 «ә» сынып оқушысы Әділ Аңсар иеленді.
«Шын-Олимп» математикалық қоры ұйымдастырған басқатырғыштар шешу байқауында І дәрежелі дипломын иеленген 5 «а» сынып оқушысы Ахатай Ұлықбек марапатталды.
«Весенний олимп» мәскеу математикалық байқауына мектебіміздің 23 оқушысы қатысты. Бұл байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен 5 «а» сынып оқушысы Исаева Анель, 5 «в» сынып оқушысы Боранбай Аяулым және 6 «б» сынып оқушысы Набиева Жанель марапатталды. Осы байқауда І дәрежелі дипломды 6 «а» сынып оқушысы Мұхамеджан Дарина иеленді.
Мектебіміздің екі оқушысы ТИГУ ұйымдастырған «Ш.Мұртаза оқуларына қатысып, Келісбаева Диана 9 «б» сынып оқушысы ІІ орын және Унтакова Аяулым 9 «ә» сынып оқушысы ІІІ орын дипломдарына ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Төлегенова байқауда ерекше белсенділік көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық VII Махамбет оқуларында ІІ дәрежелі дипломмен 7 «а» сынып оқушысы Ажмағамбетова Ұлжан марапатталса, бас жүлде дипломын 6 «а» сынып оқушысы Сағындық Айдын иеленді.
«Жүз жасаған бәйтерек» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауында жүлделі ІІІ орын иеленген 7 «а» сынып оқушысы Болтаева Зере марапатталды. Сонымен қатар, Болтаева З. Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығы «Ұлтын сүйген ұл-көшбастаған кемеңгер» атты презентация байқауының бас жүлдесін иеленді.
Аудандық «Айголек» байқауында 3 сынып оқушысы Жахан Исламбек бас жүледге иеленді. Республикалық «Бала дауысы» байқауна 3 сынып оқушысы Жахан Исламбек және 6 сынып оқушысы Жексенқұл Нұрсипат қатысты.
6 сынып оқушысы Сағындық Айдын республикалық «Өнерге қанат қаққандар» атты байқауында бас жүлде ұлттық аспап иеленді. «Ұлы дала» дарында балалар арасында өткен халықаралық байқауға алғыс хат.
2015 қазан айы 11 облыстың талантты жастарын қолдау, мақсатында ұйым « Дельфий ойндарына қатысқаны үшін ҚР білім және ғылым министрлігі ІІ дәрежелі диплом
«Атадан қалған мұрамыз 3 орын күй
2015 қазан айы 11 ұлттық Дельфий ойндарына қатысқаны үшін ҚР білім және ғылым министрлігі сертифакат