«Мектеп асханасы» Республикалық акциясы қорытынды мәлімет » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп асханасы» Республикалық акциясы қорытынды мәлімет
27
ақпан
2020

«Мектеп асханасы» Республикалық акциясы қорытынды мәлімет

№40 шағын орталықты мектеп – лицейі коммуналдық мекемесінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2020 ж. 27 қаңтар №59 бұйрығын орындау мақсатында 27.01.-27.02.2020ж. күндері аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып, мектепішілік сараптамалық топ құрылып, бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді. "Мектеп асханасы" республикалық акциясына орай мектепішілік жиын өткізіліп, жоспарланған іс-шарадағы жауапты мамандар жұмыс жоспарымен таныстырылды. Акция аясында мектебіміздің жоғарғы санат хореографы Айнұр Мәлікқызының қатысуымен «Сымбатты дене бітімін сақтаудағы - дұрыс тамақтану жолдары» тақырыбында мастер класс өтті. Аталған іс-шараға 6,7 сынып оқушылары қатысты. Мастер класста сымбатты дене бітімің сыры - тамақтану мәдениетінде және тіршілікке қажет тағамдарды дұрыс қолдана білуінде екендігі ерекше айтылып өтті. Акция жоспарына сәйкес мектебімізде «Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі» тақырыбында Қазақстан Республикасының күрестен 2 дүркін чемпионы спорт шебері Хасанби Нұрғиса Бауыржанұлымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, шеберлікке баули отырып салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Кездесу барысында спорт шеберімен дұрыс тамақтанудың пайдасы жөнінде әңгіме-сұхбат жүрді. Кездесу соңында Хасанби Нұрғиса Бауыржанұлы шәкірттерімен жекпе-жектің тәсілдерін көрсетті.
Мектепшілік сараптамалық топ мектеп асханасына мониторинг жүргізді. Маниторинг қорытындысы бойынша төмендегі жағдайлар анықталды.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық.
Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай, дайындау техникасы бойынша дайындалуда.
Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған.
Буфет тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар. «Асхана тамақтары ұнайдыма» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Қорытындылай келгенде:
«Асхана тамақтары ұнайдыма» тақырыбы бойынша мектепте 5-11 сынып арасынан 473 оқушыдан сауалнама алынды.
1. Асхана тамақтары ұнайды ма?
Ия - 406 86%
Жоқ-67 14%
2. Асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы қандай?
Ия -399 85%
Жоқ-74 15%
3. Ыдыс-аяқ тазалығы қандай?
Ия-473 100%
Жоқ-0 0%

Буфетке байланысты сұрақтар да қойылды. Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады. Күрделі асқазан ауруына әкелетін коммерциялық газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды атап айтқанда (гамбургерлер, ход-догтар) чипсы, кириешки, сағыздар, қуырылған бәліштерді көршілес тұрған дүкеннен алып қолдануға жол берілмеуі қадағаланған.