Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар
05
ақпан
2020

Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар

«Денсаулығынды күтуге дағдылан» тақырыбындағы баяндаманың оқуы туралы

Анықтама

Медбике А.Алғашова 13.11.2019 ж. 5 сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, баяндаманы оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде:
Қазірге жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі – дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық – түлік заттары болуы керек, ал азық – түлік заттары емдік заттар болуы керек.»
Екінші мәселе бойынша, «Тәні саудың – жаны сау», - деген қазақ атамыз деп, дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің сау болуы дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіріп айтты.


Әлеуметтік педагог: Ж. Ермаханбет




«Тамақ арқылы улану инфекциялары» тақырыбындағы баяндаманың оқуы туралы

Анықтама

Медбике А.Алғашова 13.12.2019 ж. 8сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, баяндаманы оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде:
Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәслен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен қатар тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті екенін айтып өтті. Оқушыларға улану себептері жайлы түсіндіріп, олар пікірлерін айтып отырды.


Әлеуметтік педагог: Ж.Ермаханбет



«Дұрыс тамақтану ережелері» атты бейнеролик туралы
Анықтама
13.01.2020ж. мәжіліс залында 4сынып оқушыларына сынып жетекшілері ұйымдастырылған «Дұрыс тамақтану ережелері» атты бейнеролик көрсетіп өтті. Денсаулықты сақтау үшін және дұрыс тамақтану үшін пирамиданың барлық деңгейіндегі тамақтарды көрсетілген мөлшермен пайдалану керек екенін көрсетіліп, ұнамаған тамақ түрлерін алып тастауға болмайтындығын білдірді. Егер нан желінбесе, «В» дәрумені мен басқа да пайдалы заттарды ағзамыз ала аламайды деп танытты. Сонымен қатар, күніне 4рет тамақтану керек екенін көрсетті:
Таңертеңгілік тамақ – құнарлы тамақ,
Түске дейінгі – жеңіл тамақ
Түс кезіндегі – күшті тамақ,
Және кешкі – жеңіл тамақ


Әлеуметтік педагог: Ж.Ермаханбет