Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Мектеп асханасы» Республикалық акциясы қорытынды мәлімет

Автор: admin от 27-02-2020, 02:59, посмотрело: 47

0 №40 шағын орталықты мектеп – лицейі коммуналдық мекемесінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2020 ж. 27 қаңтар №59 бұйрығын орындау мақсатында 27.01.-27.02.2020ж. күндері аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып, мектепішілік сараптамалық топ құрылып, бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді. "Мектеп асханасы" республикалық акциясына орай мектепішілік жиын өткізіліп, жоспарланған іс-шарадағы жауапты мамандар жұмыс жоспарымен таныстырылды. Акция аясында мектебіміздің жоғарғы санат хореографы Айнұр Мәлікқызының қатысуымен «Сымбатты дене бітімін сақтаудағы - дұрыс тамақтану жолдары» тақырыбында мастер класс өтті. Аталған іс-шараға 6,7 сынып оқушылары қатысты. Мастер класста сымбатты дене бітімің сыры - тамақтану мәдениетінде және тіршілікке қажет тағамдарды дұрыс қолдана білуінде екендігі ерекше айтылып өтті. Акция жоспарына сәйкес мектебімізде «Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі» тақырыбында Қазақстан Республикасының күрестен 2 дүркін чемпионы спорт шебері Хасанби Нұрғиса Бауыржанұлымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, шеберлікке баули отырып салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Кездесу барысында спорт шеберімен дұрыс тамақтанудың пайдасы жөнінде әңгіме-сұхбат жүрді. Кездесу соңында Хасанби Нұрғиса Бауыржанұлы шәкірттерімен жекпе-жектің тәсілдерін көрсетті.
Мектепшілік сараптамалық топ мектеп асханасына мониторинг жүргізді. Маниторинг қорытындысы бойынша төмендегі жағдайлар анықталды.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық.
Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай, дайындау техникасы бойынша дайындалуда.
Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған.
Буфет тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар. «Асхана тамақтары ұнайдыма» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Қорытындылай келгенде:
«Асхана тамақтары ұнайдыма» тақырыбы бойынша мектепте 5-11 сынып арасынан 473 оқушыдан сауалнама алынды.
1. Асхана тамақтары ұнайды ма?
Ия - 406 86%
Жоқ-67 14%
2. Асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы қандай?
Ия -399 85%
Жоқ-74 15%
3. Ыдыс-аяқ тазалығы қандай?
Ия-473 100%
Жоқ-0 0%

Буфетке байланысты сұрақтар да қойылды. Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады. Күрделі асқазан ауруына әкелетін коммерциялық газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды атап айтқанда (гамбургерлер, ход-догтар) чипсы, кириешки, сағыздар, қуырылған бәліштерді көршілес тұрған дүкеннен алып қолдануға жол берілмеуі қадағаланған.

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

«Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі» кездесу

Автор: admin от 26-02-2020, 02:55, посмотрело: 38

0
Ақпанның 26-і күні «Мектеп асханасы» акциясы аясында мектебімізде «Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі» тақырыбында Қазақстан Республикасының күрестен 2 дүркін чемпионы спорт шебері Хасанби Нұрғиса Бауыржанұлыменкездесу өтті. 
Кездесудің мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, шеберлікке баули отырып салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Кездесу барысында спорт шеберімен дұрыс тамақтанудың пайдасы жөнінде әңгіме-сұхбат жүрді. Өз сөзінде спортшы тез дайындалатын фас-фуд өнімдерін мүлде пайдаланбайтынын айтып, олардың адам ағзасына тигізер зиянына тоқталды. Кездесу соңында Хасанби Нұрғиса Бауыржанұлы шәкірттерімен жекпе-жектің тәсілдерін көрсетті.                                                          «Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі» кездесу

«Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі» кездесу

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

«Сымбатты дене бітімін сақтаудағы - дұрыс тамақтану жолдары» масстер класс.

Автор: admin от 25-02-2020, 02:47, посмотрело: 38

0 Ақпанның 25-і күні «Мектеп асханасы» акция аясында мектебіміздің жоғарғы санат хореографы Айнұр Мәлікқызының қатысуымен «Сымбатты дене бітімін сақтаудағы - дұрыс тамақтану жолдары» тақырыбында мастер класс өтті. Аталған іс-шараға 6,7 сынып оқушылары қатысты. Мастер класста сымбатты дене бітімің сыры - тамақтану мәдениетінде және тіршілікке қажет тағамдарды дұрыс қолдана білуінде екендігі ерекше айтылып өтті.
«Сымбатты дене  бітімін сақтаудағы - дұрыс тамақтану жолдары»  масстер класс.

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 
 

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Автор: admin от 24-02-2020, 01:20, посмотрело: 48

0 №40 шағын орталықты мектеп-лицейінде республикалық «Мектеп асханасы» акциясы аясында құрылған мектепшілік сараптамалық топ, асхана жұмысына мониторинг жүргізіп, бір күндік сынаманы, ас мәзірін, асхананың тазалығын, тоңазытқыштарды, азық-түліктердің жарамдылық мерзімдеріне бақылау жүргізді.
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 
 

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Автор: admin от 23-02-2020, 23:57, посмотрело: 35

0 №40 шағын орталықты мектеп-лицейі Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2020 жылдың 27 қаңтар күнгі хаты негізінде білім беру ұйымдарындағы асхананың ҚР Үкіметінің 2012 ж. 12 наурыздағы №320 бұйрықтың орындалуын қадағалау мақсатында 27.01.-27.02.2020ж. күндері аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып, мектепшілік сараптамалық топ құрылып, бұйрық шығарылып,жоспар құрылып бекітілді. «Мектеп асханасы» республикалық акциясына орай мектепшілік жиын өткізіліп, жоспарланған іс-шарадағы жауапты мамандар жоспармен таныстырылды.
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар

Автор: admin от 5-02-2020, 23:04, посмотрело: 68

0 «Денсаулығынды күтуге дағдылан» тақырыбындағы баяндаманың оқуы туралы

Анықтама

Медбике А.Алғашова 13.11.2019 ж. 5 сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, баяндаманы оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде:
Қазірге жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі – дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық – түлік заттары болуы керек, ал азық – түлік заттары емдік заттар болуы керек.»
Екінші мәселе бойынша, «Тәні саудың – жаны сау», - деген қазақ атамыз деп, дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің сау болуы дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіріп айтты.


Әлеуметтік педагог: Ж. Ермаханбет




«Тамақ арқылы улану инфекциялары» тақырыбындағы баяндаманың оқуы туралы

Анықтама

Медбике А.Алғашова 13.12.2019 ж. 8сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, баяндаманы оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде:
Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәслен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен қатар тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті екенін айтып өтті. Оқушыларға улану себептері жайлы түсіндіріп, олар пікірлерін айтып отырды.


Әлеуметтік педагог: Ж.Ермаханбет



«Дұрыс тамақтану ережелері» атты бейнеролик туралы
Анықтама
13.01.2020ж. мәжіліс залында 4сынып оқушыларына сынып жетекшілері ұйымдастырылған «Дұрыс тамақтану ережелері» атты бейнеролик көрсетіп өтті. Денсаулықты сақтау үшін және дұрыс тамақтану үшін пирамиданың барлық деңгейіндегі тамақтарды көрсетілген мөлшермен пайдалану керек екенін көрсетіліп, ұнамаған тамақ түрлерін алып тастауға болмайтындығын білдірді. Егер нан желінбесе, «В» дәрумені мен басқа да пайдалы заттарды ағзамыз ала аламайды деп танытты. Сонымен қатар, күніне 4рет тамақтану керек екенін көрсетті:
Таңертеңгілік тамақ – құнарлы тамақ,
Түске дейінгі – жеңіл тамақ
Түс кезіндегі – күшті тамақ,
Және кешкі – жеңіл тамақ


Әлеуметтік педагог: Ж.Ермаханбет

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

«Адалдық» алаңы туралы

Автор: admin от 5-02-2020, 00:52, посмотрело: 64

0 №40 шағын орталықты мектеп – лицейінде қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің оңтайлы моральдық қасиеттерін нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Адалдық» алаңы жобасы жалғасын табуда. Бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің қалыптасуына тікелей әсер етіп, қоғамда біртіндеп сенім ахуалына құруға және орта білім алушылардың өздерін адал ретінде танытуға мүмкіндік береді. Бұл дүкеннің жұмысы өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Мұнда оқушылар мен мұғалімдер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырады. Осылайша сатушысы жоқ дүкенде алушылар өзіне –өзі қызмет көрсетеді.
Мақсаты: оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін дамыту, оқушыларды ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу.

«Адалдық» алаңы  туралы

«Адалдық» алаңы  туралы

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

Дұрыс тамақтану туралы

Автор: admin от 24-04-2019, 05:29, посмотрело: 475

11 №40 шағын орталықты мектеп лицейінде 22 сәуір 2019 жылы 5-10 сыныптармен "Салауатты өмір салты" және "Дұрыс тамақтану" тақырыбында Шу қаласының тұрғыны, ДЗЮДО күресінің спорт шебері, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Адамбеков Әділет Шайсұлтан ұлымен бірге кездесу өтті.
Дұрыс тамақтану туралы

Дұрыс тамақтану туралы

Дұрыс тамақтану туралы

Дұрыс тамақтану туралы

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 
Назад Вперед