Мамандықты дұрыс таңдау » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
наурыз
2023

Мамандықты дұрыс таңдау

1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай  кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес педагог- психолог А.Кожабергенова, алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Е.Айдар, кәсіби бағдар беруші Ж.Натибай √5 өрт сөндіру қызметіне экскурсия ұйымдастырылды. Шу аудандық №5 өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдай орталығы Подполковник Е.Канкулов басшылық жасап отырған өрт сөндіру бөліміне 9-11 сынып оқушылары экскурсияға  барды.  Экскурцияның мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, болашақта мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету.
Өрт  сөндіруші, құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержант Төленді Нүркен Советұлы оқушыларға өрт сөндіру автокөліктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өрт cөндірушілердің жұмыс барысында қолданылатын өрт сөндіру және авариялық – құтқару жарақаттарымен танысты. «Өрт сөндіруші – құтқарушы мамандығына қызығушылық танытып жатқандар да аз емес. Қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, жастарды осы мамандыққа шақырамыз. Сонымен қатар өрт сөндіру мамандығының қызықтарымен, қиыншылықтарын айтып өтті. Сондай - ақ күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және де, өрт сөндірушілердің жұмысымен жақырынарақ танысып қайтты. Оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптарын алды.