"Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы
23
қараша
2017

"Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2017 жылдың 23 қараша күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шу қаласы, №40 шағын орталықты орта мектеп базасында «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға Шу ауданы әкімінің орынбасары Аймамбетов Ербол Еркінұлы, психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Берлин дифференциалды психология интитутының Құрметті профессоры Есімбекова Бақыт Оразайқызы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы, «Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебінің тарих пәні мұғалімі Исабаева Раушан Тулегеновна, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан тарихшылары Ұлттық конгресінің және Қазақстан педагогтары Одағының мүшесі Ақылжан Қарақойшым, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандардың мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудан әкімдігінің жетекшілері, облыстық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, пленарлық отырыста ұлттың рухани жаңғыру болмысындағы ұлттық сана және ұлттық рух, латын графикасының тарихы мен болашағы, мектептегі негізгі тәрбие құралы - ұлттық болмысты сақтау және жастардың рухани-ұлттық танымын қалыптастыру негізі жөнінде баяндамашылар өз ойларын ортаға салды.

Екінші кезең, прктикалық бөлімде №40 шағын орталықты орта мектеп базасында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «ARLANS» аудандық оқушылар мен педагогтардың пікір-сайыс клубының және аудандық оқушылар арасындағы «Триумф» киностудиясының ашылу презентациялары қатысушыларға ұсынылды.