Өнер бірлестігі » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
наурыз
2023

Өнер бірлестігі

№40мектеп-лицейінде Бірінші наурыз күні Өнер бірлестігі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен айлықтың ашылуы өтті.Іс-шара барысында «Бозінген» домбыра үйірмесінің домбырашылары  «Жастар биі» күйін күмбірлетіп,нақышына келтіріп орындады.  «Ұлттық қол өнер» үйірмесінің 5-9 сыныптар арасында ұлттық ою өрнектермен тігілген тақия және кеудеше дефиле көрсетілімі болды.Қыздарымыз өз қолдарымен тігіп, жасаған сәнді киімдерін киіп,қазағымыздың ұлттық өнерін паш етті.Жетекшілері:көркем еңбек пән мұғалімдері: Иманбаев С,Мұражанова Д. Лариса Александровна бастаған денешынықтыру пән мұғалімдері оқушылардың облыстан, ауданнан алған кубоктарын көрмеге қойып,оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырды. Әскери дайындық пән мұғалімі Ермек Ернар оқушылар мен мұғалімдер  арасында « Мерген бол» ойынын ұйымдастырып, сұрақтарға жауап берген адамдарға сыйлықтар берді. Директордың оқу - ісі әдістемелік орынбасары Арай Көшкінқызы өз тарапынан пікірін білдіріп, айлықтың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.https://www.facebook.com/100003428674636/videos/732969101647190/

Похожие публикации:

01 наурыз 2022 Спорт жарысы
23 ақпан 2022 Апталық
08 қаңтар 2021 Онлайн вебинар