Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген іс-шаралар іс-шаралар туралы мәлім » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген іс-шаралар іс-шаралар туралы мәлім
19
қаңтар
2017

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген іс-шаралар іс-шаралар туралы мәлім

2016 оқу жылында жоспарға сай,мектеп кітапханасында «Тәуелсіздігім - тұғырым,егемендігім- елдігім»тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Көрмені мектеп оқушылары тамашалап,Қазақстанның 25 жылдағы жеткен жетістігі,өткен тарихымен танысты.Өздерінің ой-пікірімен бөлісті. Мектепішілік «Тіл және тәуелсіздік»атты жас ақындар мүшәйрасы 10 сыныптар аралығында өткізіліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Биылғы оқу жылының қыркүйек-қараша айларында 9-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік - менің жадымда мәңгілік!», «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым», «Мәңгілік ел – бейбітшілік пен бірліктің мекені» тақырыптарында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.Оқушылардың күзгі демалысын қызықты өткізу мақсатында құрылған іс-шара жоспарына сай, 9 сыныптар аралығында отбасылық «Толағай» ойыны, «Бақытты шаңырақ – бақытты ел» атты отбасылық эстафета жарысы, 9-10 сыныптар аралығында «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» атты мектепте енгізілген бірыңғай спорттық киіммен оқушылардың топтық биі өткізілді.