Онлайн собрание » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қаңтар
2021

Онлайн собрание

Шу қаласы N 40 шағын орталықты мектеп - лицейінде тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Қыз Жібек" қыздар клубының жоспарына сәйкес "Ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу","Ерте жүктіліктің қаупі қандай?" тақырыптарында 8,9,10 сынып қыздары арасында онлайн ақпараттандыру,әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа Шу аудандық орталық ауруханасының Жастар Денсаулық Орталығының меңгерушісі Оспанова Есен Алмешқызы, мектебіміздің ата - аналар комитетінің төрайымы Шупшекбаева Гүлмира Жамбылқызы,директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Молжанова Майра Кенішбекқызы, мектебіміздің педагог-психологтары Бүйенбаева Айжан Әділқызы, Қожабергенова Әлия Сәкенқызы,мектебіміздің медбикесі Ахметжанова Әсем,сынып жетекшілер Мұражанова Дәметкен Ділтайқызы, Рысқұлбекова Жанар Тілеуқорқызы,аға тәлімгер Бұхпанбаева Құралай Леспрқызы қатысты.Жиналыс барысында Есен Альмешқызы ерте жүктіліктің зардаптары туралы түсіндіре отырып, қыздармен ашық әңгімелесті. Педагог- психолог Әлия Сәкенқызы "Жасөспірімдер арасындағы зорлық - зомбылықтың орын алмауы" тақырыбында бейнеролик көрсетіп,профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Медбике Ахметжанова Асем "Болашағың өз қолыңда" тақырыбында баяндама оқып,қыздармен жеке бас гигиенасы жайында сөйлесті.Қыздар өз тараптарынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар алумен қатар ойларын ортаға салып, талқылады. Қорыта келгенде ата - аналар комитетінің төрайымы Гүлмира Жамбылқызы қыздарымызға аналық ақыл - кеңесін айтты.Жиналысты директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Майра Кенішбекқызы кез - келген жағдай туындағанда сенім телефондарына хабарласып,мектеп педагог-психологтарына,тәлімгерге немесе өзіне хабарласып айтуға болатындығын айта келе, еліміздің келешегі сендер тәрбиелі,инабатты,ақылды болсаңдар халқымыздың болашағы жарқын болады деп түйіндеді.
Онлайн собрание

Похожие публикации:

08 қаңтар 2021 Клуб мүшелері
02 желтоқсан 2018 Қыздар жиналысы