КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қазан
2023

КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ

Хореограф бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Бос лауазым: Хореограф- 1 вакансия;
2. Лауазымдық жалақысы: 181000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 30.10.2023 жылы сағат 12:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу қаласы, Өмірзақ Орынбаев көшесі №4, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-15-41
Электрондық адрес: chush-40@yandex.kz
Біліктілік талаптары:
Арнаулы-орта (педагогикалық) және жоғары білімі (педагогикалық)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Құжаттардф қабылдау 2023 жылдың 20 қазанына
дейін

Похожие публикации:

02 қараша 2022 Хабарландыру
02 қараша 2022 Хабарландыру
02 қараша 2022 Хабарландыру