Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі
27
ақпан
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлығы барысында Тойбай Айдана Қанатқызы қазақ әдебиеті пәнінен 5 "Ә"сынып оқушыларымен Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің тақырыбы мен идеясы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар "Менің атым Қожа" фильмінің үзіндісін көріп сабақты болжады, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылықтары артты. Ұйымдастыру кезеңінде шығарма авторы туралы оқушылар ізденіп, "WORLD WALL"платформасы арқылы сұрақтарға жауап берді. Оқушылар шығарма мазмұнымен "Пазл" әдісі арқылы танысып, "Бірге ойлаймыз" әдісі арқылы шығарманың тақырыбы мен негізгі идеясын анықтап, "Әңгіме кестесі" әдісі арқылы сабақты тұжырымдады. Әр топқа бағалау парағы беріліп, "медальон" әдісі арқылы ҚБ беріліп отырды. "GOOGLE FORUM" платформасы арқылы кері байланыс жүргізді. Тойбай Айдана Қанатқызы өз мақсатына жете алды. Барлық әдісі өте тиімді қолданылды. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс болды.
Все реакции:
Майрагуль Кенишбек, Гулнара Нуралиева и ещё 15
 
 
Нравится
 
 
Комментировать
 
Поделиться
 
 

Похожие публикации:

27 сәуір 2022 АШЫҚ САБАҚ
23 ақпан 2022 Апталық
26 қараша 2021 Ашық сабақ
16 ақпан 2021 Жас дарын
08 қаңтар 2021 Байқау!