Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау » Шу ауданы №40 шағын орталықты мектеп-лицейі   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"№40 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7476967753
Есепші бөлімі:
+7(707)769-59-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
08
қаңтар
2021

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

№40 шағын орталықты мектеп -лицейінің директордың оқу - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Сембекованың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау" тақырыбында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің "қоғамдық -гуманитарлық" пәндер кафедрасының меңгерушісі Иманбекова Бибігүл Илиясовна, аға оқытушы Саурбаева Райса Санаковна, оқытушы Дабылтаева Мақпал Мамедалиевнамен және Тараз инновациялық -гуманитарлық университетінің оқытушысы Кембаева Айнұр Тұрарқызымен онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесу барысында мамандар мамандық - әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы екендігін айтып өтті. Оқушыларға дұрыс шешім жасап мамандық таңдауда бейімділік пен қызығушылықты ескеру қажеттігін және еліміз бойынша қажеттілік туындап отырған мамандықтар туралы ақыл - кеңестер берілді.
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау