Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Назарларыңызға!!!

Автор: admin от 7-01-2021, 22:32, посмотрело: 0

0 Психологи школы в октябре 26-30 года определяют семейные отношения с учениками, которые состоят в медицинском и социальном отчете в школе малого центра N40. Коджабергенова, А. Буйенбаева сделала проективный метод
Назарларыңызға!!!

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 9-10-2020, 06:59, посмотрело: 0

0 №40 шағын орталықты мектеп-лицейінің кезектен тыс ата-аналар жиналысының
№2 Хаттамасы 2 қазан, 2020 жыл
Қатысқандар: ата-аналар, мектеп қызметкерлері
Күн тәртібінде:
1. COVID-19 короновирустық инфекциясының таралауы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау бойынша мектеп директорының есебі

Тыңдалды:

Мектеп директоры Г.Тұрлыбек ата-аналар жиналысын ашып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 21.09.2020 жылғы №01-4091 хатына сәйкес ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29 тармағын орындау мақсатында, COVID-19 короновирустық инфекциясының таралауы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсалуына тоқтады.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектебімізге жалпы сомасы 4505048.6 теңгені құрайтын қаржыға санитайзер, кварцшамдары, антисептикалық төсеніштер, тепловизерлер,моноблоктар, компьютерлер, роутерлер бөлінгенін атап өтті.
Мектеп директоры жиналыс барысында короновирустық инфекцияның таралу қауіпінің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуы қажет екендігіне де тоқталып, мектеп тарапынан жасалып жатқан алдын алу жұмыстарымен ата-аналарды хабардар етті.

Шешімі:

1. Мектеп директоры Г.Тұрлыбектің есебі назарға алынсын.
2. Короновирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу шаралары бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталсын.
2. Оқушылардың қашықтан оқу жағдайында сабақтарға қатысуы сынып жетекшілер мен ата-аналар тарапынан бақылауда ұсталсын.

Мектеп директоры: Г. Тұрлыбек
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы[/center]

Категория: Ата-аналарға

 
 
 
 

Хабарландыру

Автор: admin от 20-11-2019, 21:24, посмотрело: 274

0
АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
Құрметті ата – аналар!

Бұл жаднама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.
Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:
1.Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;
2. Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
3. Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;
4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;
5. Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;
6. Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
7. «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.
Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!
Жасөспірімге үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:
1.Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
2 Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
3. 3. Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса;
4. Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге шақырса.
Жасөспірімдер келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:
1. Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
2. Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;
2. Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.



Ата-аналарға ЖАДЫНАМА №2
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА «Қауіпсіз каникул»
Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың 55%-дан астамы жазғы каникул кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен жазғы каникул кездерінде болады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды.
• Жолда абай бол!
Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды. Жасөспірімге жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Жасөспірімге көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз:жасөспірімнің жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз.
• Су қоймаларының жанында абай болыңыз!
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:
Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
Егер жасөспірімдер өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.
СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.
• Жасөспірімнің ғаламтордағы қауіпсіздігі!
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.







АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Қауіпсіз каникул – 2019»
Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың 55%-дан астамы жазғы каникул кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен жазғы каникул кездерінде болады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды.
«Баламен бірге жазғы демалыста»
Жаз - жылдың керемет мезгілі. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бұл көптен күткен ерекше оқиғаны Сіздің балаңыз жыл бойы аңсап келді.
Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады.
Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп-қатерлер де жоқ емес.
Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата-ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.
Демалыс сізге және балаңызға тек қуаныш әкелуі үшін бірнеше ережелерді сақтау керек:
Егер сіз балаңызбен айналысуға шешім қабылдасаңыз, есіңізде болсын, бұл іс-әрекеттеріңіз қысқа болуы тиіс, әрі оларды таңғы уақытта өткізген абзал. Сіздің міндетіңіз балаңыздың білімі мен өз тәжірибеңізді ұштастыра отырып, оның таным көкжиегін кеңейту.
Балаңызды теледидар мен компьютерден алшақ ұстауға бар күшіңізді салыңыз, барлық бос уақыттарыңызды таза ауада өткізіңіздер, велосипед, самокат, роликтер тебіңіздер, футбол ойнаңыздар. Жаз – бұл бала денсаулығын нығайтудың жолы және оның келесі оқу жылындағы денсаулығы жазда қалай демалуына байланысты болады.
Күн тәртібін сақтауға тырысыңыз, әйтпесе қыркүйекте оған қайтып келу қиынға түседі. Ұйқының қанбауы неврозды дамытады, шаршау жиілейді. Баланың ұйқысы күніне 10 сағаттан кем болмауы тиіс.

Жолда абай бол!
Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды.
Өткен жылы жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің кінәсінен тіркелген жол-көлік оқиғалары 30%-ды құраған. Бүгінгі күнге дейін 7 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 2 жол-көлік оқиғасы балалардың қатысуымен болса, оның біреуінде – жарақаттанған, ал екіншісінде – қайтыс болған. Әрбір баланың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлығымыздың, оның ішінде ата-ана – Сіздің де басты міндетіңіз болып табылады.
Балаңыздың бойында жолда, көшеде тәртіпті, ұқыпты, сақ және байқампаз болуға деген қажеттілікті тәрбиелеуге тырысыңыз.
Балаға жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Балаға көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз: баланың жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз.
Балаға қарауды үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптасуы тиіс: жаяу жүргіншілер жолынан шығар алдында алға қадам жасамас бұрын басын оңға, солға бұрып жан-жағын, жолдың барлық бағыттарын қарайды. Бұл балада автоматизмге дейін үйретілген болуы тиіс.
Өзіңіз де қатаң есіңізде сақтаңыз және балаңызға да үйретіңіз: кез келген көлік түріне міну үшін де, одан шығу үшін де көлік толық тоқтауы керек. Жүріп келе жатқан көліктен неліктен секіріп түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.
Балалардың жолда бағдарлануына, жолда сақ және мұқият болуға үйретіңіз, ешқашан жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды, жаяу жүргіншілердің жол қиылыстарында, жолды жаяу кесіп өтерде немесе жолдардың түйіскен жерлерінде құлаққапты алу керек.
Егер сіздің балаңыз жол көлік оқиғасының қатысушысы, куәгері болған жағдайда психолог маманның кеңесіне жүгініңіз. Психолог қорқыныш пен үрейді жеңуге көмектеседі.

Су қоймаларының жанында абай болыңыз!
Су қоймаларында балалардың қайғылы жағдайларға ұшырауын талдау бойынша суға батқан жасөпірімдердің 50%-ы баланың суға батып бара жатқанын уақытында байқай алмаған ата-аналарымен бірге жүрген болса, қалған жартысы ересектердің қарауынсыз жүрген балалар болып шыққан. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар. Сырғанауға арналмаған заттармен сырғанақ тебуге жол бермеңіз. Сақ болыңыздар, балаларға көмек керек болып жатса, оған немқұрайлы қарамаңыздар.
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:
Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
Егер ересек балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.

СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTubeканалына назар аударыңыздар.
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.
Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!
Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:
Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін.
Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын.
Танымайтын адамдарға есік ашпасын.

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп формасы туралы

Автор: admin от 23-05-2019, 00:03, посмотрело: 446

5
Мектеп формасы туралы

Категория: Ата-аналарға

 

Хабарландыру

Автор: admin от 10-05-2019, 23:49, посмотрело: 388

9 №40 шағын орталықты мектеп -лицейі 2019-2020 оқу жылына 5-6-7-8 лицейлік сыныптарға оқушыларды қабылдау үшін сынама тестілеу өткізіледі. Өткізілетін уақыты: Әр аптаның сәрсенбі күні сағат: 10:00.

Категория: Ата-аналарға

 

Обращение директора школы к родителяям

Автор: admin от 7-05-2019, 22:43, посмотрело: 465

7 Письма родителям для информирования о Программе по профилактике и реагированию на насилие в школе.
06.05.2019 ж
Уважаемые родители!
Возможно, вы уже слышали новости о нашей новой школьной инициативе!
Школа-лицей № 40 с мини-центром внедряет «Программу по профилактике и реагированию на насилие в школе». Данная программа поддерживается Министерством образования и науки Республики Казахстан. Программа продвигает и максимально улучшает академическую успеваемость и навыки поведения среди учащихся. Эта общешкольная программа поможет всем учащимся достичь важные социальные и образовательные цели, а также соблюдать этические правила нашей школы. Мы знаем, что когда хорошее поведение и качественное преподавание идут рука об руку, наши дети демонстрируют хорошие успехи в учебе.
В качестве составной части программы мы установили ряд понятных правил поведения, следования которым мы ожидаем в нашей школе. Мы научим этим ожиданиям всех учащихся и наградим их устными похвалами и призами за их хорошее поведение. Ожидания по поведению со стороны всех учащихся будут развешены по всей школе, включая классы, коридоры, столовую, спортзал и спортплощадку. Вы сможете спросить своего ребенка (ученика): «Какие правила есть у вас в школе?», «Как ты следуешь этим правилам?», или «Что происходит, когда учитель видит, что ты выполняешь правила?».
Наши школьные правила будут учитывать и проблемное поведение, и насилие в школе для обеспечения более безопасной школьной среды и посвящения большего времени обучению. Мы будем применять согласованные последствия и позитивное закрепление ко всем учащимся, включая целевые инструкции и поддержку детей с проблемным поведением. Мы также создали Команду школьной безопасности для работы с детьми с проблемным поведением и контролем за ними. Вы можете связаться с членом Команды без промедления, если у вас возникнут какие-либо вопросы или вы захотите сообщить о проблемах, которые испытывают ваши дети с другими детьми в школе.
Мы верим, что, помогая учащимся практиковать хорошее поведение, мы создадим школьную среду, способствующую успеху и развитию.
Мы приглашаем Вас к участию в нашей программе. Вы можете задать вопросы или получить более подробную информацию, связавшись с нами в школе. Спасибо за Вашу поддержку!
С уважением, директор школы Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы
Контактная информация 2-31-99, +7 708 533 80 69
Зам.директор по правовой части Айдаров Даниярхан Турсынханович
Контактная информация +7 775 872 82 80
Социолог школы Жиенбекова Асель Айдархановна
Контактная информация +7 702 145 04 25
Педагог-психолог Кожабергенова Алия Сакенкызы
Контактная информация + 7 775 059 42 46

Категория: Ата-аналарға

 
Назад Вперед