Байқау!
№40 шағын орталықты мектеп - лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында 25.12. күні кітап оқу байқауының ашылуы өтті. Бұл байқау «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын насихаттау мен тарату, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін ояту мақсатында ұйымдастырылып отыр. ZOOM платформасы арқылы өткен ашылуында 5 - сынып оқушыларына байқаудың ережесі мен өткізілу тәртібі толықтай таныстырылды.