Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 16-06-2017, 01:03, посмотрело: 621

0 22.04.2017 жылы сағ:12:00-де "Әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдердің психологиялық мінез-құлықтарына әсер ететін ақпараттардың алдын-алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 635 ата-аналар және Шу аудандық ІІБ-ң жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының полиция лейтенанты Е.Қ.Бериков қатысты. Мектеп директоры Г.Тұрлыбек "Тыйым салынған сайттар және қауіпсіз интернет" тақырыбында баяндама жасады.
[center]Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы

Категория:

 

Білім туралы

Автор: admin от 15-06-2017, 00:54, посмотрело: 610

0 Білім туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
2-1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;
7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;
9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;
17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-1) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-2) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
21-3) ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
21-4) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
29-2) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
30) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;
30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;
35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – «Өркен» гранты) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары «қолданбалы бакалавр» біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
45-1) мемлекеттік бітіру емтиханы – білім алушылардың жалпы орта білім беру курсын бітіргенін куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті талап болып табылатын, жалпы орта білім беру ұйымдарында оларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;
46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
49-2) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-2) сынып жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;
53-3) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
53-4) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
55) училище – мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
56) ұлттық бiрыңғай тест – орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;
5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;
22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;
24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;
25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiл

Категория:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Автор: admin от 15-06-2017, 00:51, посмотрело: 665

0 Қазақстан Республикасының Конституциясы
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге
ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.

I-бөлім. Жалпы ережелер
II-бөлім. Адам және азамат
III-бөлім. Президент
IV-бөлім. Парламент
V-бөлім. Үкімет
VI-бөлім. Конституциялық кеңес
VII-бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
I бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Ескерту. 1-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.21 N 18/2 қаулысымен.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар.
Ескерту. 2-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.04.23 N 4 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
3-бап
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен.
4-бап
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Ескерту. 4-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.10.11 N 18/2, 4-бапқа түсіндірме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009.11.05 N 6 қаулыларымен.
5-бап
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.07 N 4/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
6-бап
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Ескерту. 6-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.03 N 19/2, 6-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.04.13 N 2/2, 2003.04.23 N 4, 6-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулыларымен.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Ескерту. 8-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
II бөлім
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
10-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.
2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Ескерту. 10-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01 N 12 қаулысымен.
11-бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Ескерту. 12-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01 N 12, 2007.04.18 N 4 Қаулыларымен.
13-бап
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
Ескерту. 13-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2, 2002.02.15 N 1 қаулыларымен.
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Ескерту. 14-баптың 1 және 2-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2, 14-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2 қаулыларымен.
15-бап
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
Ескерту. 15-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.01.30 N 10 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
16-бап
1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
Ескерту. 16-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.31 N 13 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
18-бап
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 18-бабы 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конститутциялық Кеңесінің 2009.08.20 N 5 Нормативтік қаулысы
19-бап
1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
20-бап
1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
21-бап
1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
22-бап
1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
23-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.
2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.
Ескерту. 23-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05 N 13/2 қаулысымен.
24-бап
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Ескерту. 24-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2 қаулысымен.
25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.
26-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Ескерту. 26-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.16 N 6/2, 2000.12.20 N 21/2, 2005.07.01 N 4, 2007.05.28 N 5 Қаулыларымен.
27-бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
28-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.
Ескерту. 28-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.12 N 3/2 қаулысымен.
29-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.
30-бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
3. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.
31-бап
1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
32-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.
33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.
Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен.
34-бап
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
35-бап
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
36-бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
37-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
39-бап
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.
3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.
Ескерту. 39-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.05.28 N 5 Қаулысымен.
III бөлім
ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
41-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
2. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.
4. алып тасталды
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 41-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1998.10.09 N 9/2, 41-баптың 1 және 3-тармақтарына түсініктеме берілді - 2005.08.19 N 5 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254, 2011.02.02 N 403-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап
1. Қазақстан Республикасының Президенті: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.
3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.
4. алып тасталды
5. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен.
43-бап
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
2. алып тасталды
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
44-бап
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;
9) Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;
15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;
18) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен.
Ескерту. 44-баптың 13) тармақшасына - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30 N 10/2, 2) тармақшасына - 2000.07.03 N 15/2, 9) тармақшасына - 2001.11.12 N 14/2, 44-баптың 2) тармақшасына түсініктеме берілді - 2010.10.18 N 3 Қаулыларымен.
45-бап
1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.
2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар жарлықтарын шығарады.
3. Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.
Ескерту. 45-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03 N 15/2, N 5 Нормативтік қаулыларымен.
46-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.
2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады.
4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.
Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
47-бап
1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.
2. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
3. Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
48-бап
1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Өзіне Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкілеттігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қ

Категория:

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы

Автор: admin от 15-06-2017, 00:43, посмотрело: 1176

0 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 179 бұйрығына
1-қосымша

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz«электрондық үкімет»веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - қолхат алу үшін бес жұмыс күні;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды, қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкесдемалыс жәнемереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
2) портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі демалыс және мерекелік күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығымен бекітілген№ 086/е нысан;
4) 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет;
5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасындатұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жекекуәлігі;
3) босқын – босқынкуәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы 2008 жылға дейін туылса, оның туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды,№ 086/е нысанының электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті;
5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия (бар болса) қорытындысының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алуышының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (егер 2008 жылдан кейін туылса) деректері туралы мәліметтерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының,
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:
1) 12-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына;
2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып беріледі.
Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегіуәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегібірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

12. Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Министрліктің интернет-ресурсында (www.egov.kzсайтының «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде), республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетіледі.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша
оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім
беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

____________________________ басшысы
(жергілікті атқарушы органның атауы)
____________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда),

Өтініш

_______________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
___сыныпта оқу үшін
________________________________________________________ мекенжайында
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

тұратын менің балам/қызым (Т.А.Ә. (болса))
_____________________________________________________________________
қабылдауды сұраймын

Ақпараттық жүйеде орналасқан заңмен қорғалатын құпиялардан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

«__» __________ 20____

(қолы)

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша
оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім
беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат

Білім беру ұйымы ____________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

Құжаттардың қабылданғаны туралы № ______________ қолхат
____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

1. Өтініш
2. Басқа ____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Өтініштің қабылданған күні __________________________________________

Т.А.Ә. (құжаттарды қабылдаған жауапты адам)
_____________ (қолы)
Телефоны __________

Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

«__» __________ 20__ жыл

Читать подробнее

Категория:

 

мектеп директоры

Автор: admin от 13-06-2017, 03:25, посмотрело: 1524

1
№40 шағын орталықты орта мектебінің директоры
Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы
Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасының иегері

Шу ауданы әкімдігінің №40 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1999 жылы құрылған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 1 сәуір 2011 жылы заманауи жаңа мектеп 870 орындық ғимараты қолданысқа берілді. Оқушы саны-1082 сынып-жиынтығы-50. Екі ауысымда оқытылатын аралас мектеп.
 бірінші ауысымда - 30 сынып жиынтығы, оқушы саны-643 /59.4%//,
 екінші ауысымда сынып жиынтығы-20, оқушы саны-439 /40.5%/
 Мектепалды даярлық тобында -116 тәрбиеленуші, топ саны-5.
Мектеп ғимарат 6 блоктан тұрады:
1 блокта - медкабинеттер, кітапхана, әдістемелік кабинет, оқу кабинеттері
2 блокта- шағын орталық, мектепалды даярлық топтары және бастауыш сынып оқу бөлмелері, мультимедия кабинеті;
3 блокта - интернетклуб, компьютерлік-лингвистикалық зертхана,
4 блокта - асхана, акт залы;
5 блокта- мата өңдеу, металл өңдеу, ағаш өңдеу шеберханалары мен кулинария кабинеті;
6 блокта- екі спорт зал, спорттық үйірмелерге арналған кабинет, хореография студиясы орналасқан.
Мектеп жанынан «Айналайн» 75 орындық шағын орталық бар. Шағын орталықта тәрбиеленушілер саны-75, топ саны-3.
Мұғалім саны-90, жоғары санаттысы-30, І санаттағылар саны-20, біліктілік потенциалы 55,5% құрайды.
Мемлекеттік марапаттауы бар мұғалімдер саны- 6.
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 1 тарих пәні мұғалімі Нұралиева Гүлнар Мырзаханқызы.
Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасының иегерлері-5
1. Мектеп директоры - Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы,
2. Тарих пәні мұғалімі - Нұралиева Гүлнар Мырзаханқызы,
3. Информатика пәні мұғалімі -Кийкбаева Эльмира Дабысқызы,
4. Ағылшын тілі пәні мұғалімі - Алдабергенова Ләззат Тұрарқызы,
5. Технология пәні мұғалімі - Байқұлов Алмас Сейсенұлы.
Сонымен қатар деңгейлік курсты меңгерген 17 пән мұғалімдері дәріс береді. Оның : І деңгейден өткен мұғалімдер саны-5,
ІІ деңгелі пән мұғалімдер -4,
ІІІ деңгейден өткен мұғалімдер саны-8.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты мен көздеген міндеттері сапалы білімді арттыруға бағытталған білім беру жүйесін қалыптастыру, жоғары білікті кадрлар мен қамтамасыз ету және ғылыми-педагог кадрларды даярлау, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, педагог қызметкерлердің еңбегі мемлекет тарапынан қолдау табу және шығармашылық еңбекті ынталандыруды күшейту болып табылатындығы мәлім. Қоғам талап етіп отырған нәтижелерге бүгінгі мұғалім қол жеткізіп отыр ма деген мәселе жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Бүгінгі таңдағы мұғалімнің моделі қандай болу керек және кәсіби құзыретті мұғалім болуына не кедергі деген сауал туындауда.Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын ендіруде өз үлесін қосу, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі керек.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды практикада нәтижелі қолдану үшін мұғалім үздіксіз білім беру жүйесіне ынталы болғаны дұрыс. Сыни ойлай білуі, өзіне де, айнала ортаға да позитивті көзқараста болғаны аса маңызды. Мектепте пән мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар ұйымдастыру, бір-бірінің сабақтарына, іс - шараларға қатысу жеткілікті мән беру қажет. Педагаог қызметкерлердің белгілі бір технологияларды қолданғанға дейін және одан кейінгі оқушылар үлгеріміне мониторинг жүргізу біраз жайлардың себебін ашуға жәрдем болады. Сөйтсек те, оқу үдерісіне инновация енгізу мен оқушылар білімінің жетістігі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс орнату қиын. Дегенмен,көрсеткіш нәтижелерін байқау үшін деңгейлік курстан өткен мұғалімдер сабақ беретін сыныптардың білім сапасын зерделеп көрдік. Біздің фокусымызда жақсы оқитын оқушылармен бірге орташа оқитындар да басты назарда тұрды. Сабақтарда 7 модуль мен жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу оқушының орта топтан жақсы оқитындар тобына неғұрлым тезірек ілгерілеуіне оң ықпал ететіндігін аңғардық.
«Құзіреттілік-маманның сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы» делінген. Осыған орай«біздің мектеп мұғалімдерінің шығармашылық деңгейі қандай, кәсіби құзыретті мұғалім деңгейіне сәйкес келе ме?»деген заңды сұрақ әдістемелік жұмыстың өзегіне айналуы тиіс. Осы мақсатта мектепте мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, әңгімелесу, құжаттармен танысу, әдістемелік көмек көрсету, сауалнама қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді шешуге бағытталған шеберлік сыныптар, коучингтер, т.б. іс-шаралар жүргізіледі. Қорытындысында мониторингтік сараптама жасау арқылы мектептегі әдістемелік қызмет менеджменті анықталды.
Мектепте бірлескен оқудың тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама құрастырылып, жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде:
 мұғалімдер сабақтарына әкімшілік пен әріптестерінің қатысуын қалыпты жағдай деп қабылдауы орныға бастаған;
 мамандардың өздеріне сенімділігі артқандығы байқалады;
 7 модульді сабақтарда қолдану жиіленген;
 қатысқан коучингтерден әдістемелік көмек алып, белгілі бір дағды қалыптастыра бастаған;
 әріптестерінің сабақтарына кіру жиілігі артқан;
 сабақтарға қатысу, іс-тәжірибе алмасу, бірлесіп жоспарлаудың маңыздылығы мен нәтижелілігін түсінді.
Яғни, өзара әрекеттестік пен бірлескен оқу барысында қоғамдастық шарттары орныққандығы байқалды.
Мектеп директоры қандай бірегей көшбасшылық қасиеттерді меңгерсе де, оның жанында көшбасшылық әлеуетке ие пікірлестердің мықты, сауатты командасы болуы тиіс. Мектепте ол команданы жаңа форматты мұғалімдер мен жаңашылдыққа ұмтылыс білдірген мұғалімдерден тұратын өзгеріс енгізу тобы құрады. Команда мүшелерін ортақ іспен біріктіріп, батыл мақсаттар қоюға, әркімнің өзін көрсетуге мүмкіндік беру және жылы қарым-қатынас орната отырып, қол жеткізген жетістіктермен шектелмеуге шақырдым.
Өзгеріс енгізу тобының отырысында мектептің даму жоспарының басымдығына қарай мұғалім құзіреттілігінің даму динамикасын байқау үшін өткізілген іс-шаралар бойынша мұғалімдердің қатысу рейтингісін шығарылды.Мониторингте әріптестердің семинар, LS, коучинг, жиын, дөңгелек үстел, шебер-сынып, ашық сабақтарға,т.б. қатысулары бойынша жүргізілді.
Сонымен қатар мектепте «Шабыт» педагогикалық шеберханасы ашылды. Шеберханада пән мұғалімдер мен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің озат тәжірибелері мен жұмыстары жинақталған .
«Адамзат шығармашылығындағы ең қиын екі өнер - тәрбиелеу мен басқару шеберлігі» деген екен данышпан, философ И.Кант. Мектеп өміріне өзгеріс әкелуде басшы үлкен жауапкершілік алады. Жұмыс уақытын тиімді жоспарлай отырып, ұжымда мазасыздық тудырмай, мұғалімдерді шығармашыл, белсенді қалыпта ұстай білу керектігін жаңашылдық енгізу кезеңде қатты сезіндім. Сол себепті 7 модульді қолдану, бөлінген көшбасшылықты жүзеге асыру, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың қоғамдастыққа тартылуын арттыру, қоғамдастық жұмысының тиімділігін желіде қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруда зор ынталылық таныттым.
Ойымды белгілі зерттеуші Джим Коллинздің «Біздің не жасайын деп жатқанымыз онша маңызды емес, оны кіммен жасайын деп жатқанымыз аса маңызды» деген сөзімен тұжырымдаймын.

Категория:

 

Қорытынды есеп 2016-2017 оқу жылы

Автор: admin от 13-06-2017, 03:22, посмотрело: 18672

46
2016-2017 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік
жылдық жұмысының талдауы[center][/center]

№40 шағын орталықты орта мектебіндегі әдістемелік кеңесінің тақырыбы:
Оқу- тәрбие процесіне жаңа технологияны енгізу арқылы мұғалім мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.
Мақсаты: Нәтижелі білім бере отырып, педагог мамандардың кәсіби құзыреттелігін ұйымдастыру, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру.
Міндеті:
- Пәндердің оқытылуына қадағалау жасау;
- Педагогикалық қызметке аналитакалық талдау жасау, диагностикалық болжау, мониторинг жүргізу;
- Алдынғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтау, насихаттау, тарату;
- Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
- Дарынды балаларды олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауына дайындаудың тиімді жолдарын қолдануға бағыттау.
- Оқыту процесінде нәтижелі білім беру арқылы оқушылардың фунционалды сауаттылығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Үздік білім ресурстары мен технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасы арттыру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығы арттырылады, мектептегі озық тәжірибелер жинақталып таратылады.
Мектептегі оқыту әрекеттері оқу – тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін, тәсілдері мен түрлерін тиімді қолдануға байланысты артып отыр.
Мектептің әдістемелік кеңесінің жұмысы келесі
нормативтік - ақпараттық құжаттармен реттеледі:
-ҚР «Білім туралы» Заңы;
- 2016-2019 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
-ҚР «Тіл туралы» Заңы;
- 2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.
-Мектеп жарғысы;
- Мектепішілік бақылау жұмыс жоспары басшылыққа алынды
- Мектептің жылдық жұмыс жоспары
Мектептегі әдістемелік жұмысының бағыттарына тоқталсақ
- Педагогикалық кадрлармен жұмыс;
- Әдістемелік бірлестіктермен жұмыс;
- Пәндерді оқыту айлықтары мен апталықтарды дайындау мен өткізу;
- Деңгейлік курстар бойынша жұмыстар;
- Пәндік семинарлар, дөңгелек үстел , конференциялар;
- Пәндік бақылау, зерттеу жұмыстары;
- Мемлекеттік құжаттармен жұмыс.
2016-2017 оқу жылындағы әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары 2015-2016 оқу жылының талдау негізінде құрылған, жаңа оқу жылының тұжымдарымы мен ұстанымдарын есепке ала отырып, мектеп жұмысының кешендік жоспарына сәйкес жүргізілді.
Әдістемелік кеңестің жұмыстың жылдық жұмысын сараптай келе жалпы мектеп педагогтардың жалпы саны-87, оның ішінде жоғары білімдісі - 80, арнаулы орта -8. Педагог кадрдардың потенциалы – 55,1 %. Оның ішінде санаттары бойынша
 Жоғары санатты -29 /33%/
 І санатты -19 /21,8%/
 ІІ санатты -24 /27,5%/
 Санатсыз –15/17,7%/
Мектептегі 9 әдістемелік бірлестіктер жұмыс атқарса соның ішінде 7 пәндік. Әр бірлестіктің сапалық құрамына талдау жүргізу нәтижесінде:

Пәндер жалпы жоғары І санат ІІ санат санатсыз
география,химия, биология бірлестігі 9 3 3 1 2 67%
матем,физика информатика бірлестігі 10 6 0 2 2 60%
бастауыш сынып бірлестігі 24 7 7 5 5 58%
қазақ тілі тарих бірлестігі 14 5 3 5 1 57%
муз,тех,бейнелеу,өзін -өзі бірлестігі 7 3 1 1 2 57%
орыс ағылшын тілі бірлестігі 10 4 0 2 4 40%
мектепалды 5 0 2 2 1 40%
д/ш,нвп 9 1 2 1 5 33%
жалпы 88 29 18 19 22 53%




Әдістемелік кеңестің жұмысын талдауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген негізгі әдістемелік жұмысқа қойылатын талаптарына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша сарапталды:
1. Ақпараттандыру ( әдістемелік педагогикалық мәліметтер жүйесін құру)
2. Диагностикалық – болжамдаушылық ( мониторинг жүргізу)
3. Қамтушылқ бағыт ( мемлекеттік стандартты меңгеру, оқу -тәрбие үрдісіне қажетті материалдармен қамту)
4. Жаңашылдық және эксперементтік бағыт (эксперементтік –тәжірибе, авторлық бағдарламалар т.б.
5. Пән бойынша білім стандартының орындалуы мен білім сапасы
6. Әдістемелік айлық пен апталықтар, семинар, дөңгелек үстел, педагогикалық оқулар т.б.
7. Іс құжаттармен жұмыс
8. Пәнді оқыту үдерісінің нәтижесін талдау;
9. Оқу әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдарды дайындайды және жариялау;
10. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесі;
11. Оқу лабараториялық базаны жетілдіру бойынша көрнекі –құралдар көрмелер, стендттер ұйымдастыру;
12. Жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру;
13. Оқу кабинеттерінің жабдықталуы
14. Педагогтардың пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиада, байқауларға қатысуды ұйымдастыру;
15. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, пәнді оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасады.
Әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарлары жоғарыда аталған бағыттарға сәйкес жүргізілу деңгейіне тоқталсақ:
Көрсетілген бағыттарға сәйкес № 1,3, барлық пән бірлестіктерінде жұмыстары толығымен қамтылған.
Әдістемелік бірлестіктерде №2 бағытындағы жұмыс нақтырақ айтқанда диагностикалық болжамдылық және мониторинг жүргізуі тоқсандық білім сапасына, сынамалау тесттердің көрсеткішіне өзіндік талдау жұмыстары төмен. Бірлестікте мониторингтің функцияларын жүзеге асыру алгоритімі бойынша тек мәлімет жинаумен шектеледі. Мониторинг алгоритімі бойынша
- Мониторингқа мақсат қою
- Мәліметтерді өндеу, талдау, бағалау;
- Қорытынды нәтижесін шығару;
- Шешім қабылдау жұмысы жүргізілмеген.
№4 жаңашылдық пен эксперементтік бағыттарында соңғы 3 жылда авторлық бағдарламалары қорғалған жұмыстардың саны 3 болса, биылға 2016-2017 оқу жылында 4 авторлық бағдарлама талапқа сай әзірленіп, іс тәжірибелері таратылды. Оларды атасақ:
-химия пәні мұғалімі Тұрлыбекова Айгүл Данибековнаның 10 –шы жаратылыстану – математика бағытындағы сыныпқа арналған «Есептер шығару әдіс -тәсілдері»;
- информатика пәні мұғалімі Тульбаева Алтынай Ибатаевнаның 7 сыныпқа арналған «Паскаль тілінде программалау» ;
- ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрманбекова Айман Арыстановнаның «Ағылшын тілі туризм саласында»;
- ағылшын тілі пәні мұғалімі Қойшыбаева Салтанат Аскербековнаның 8 сыныбына «Ағылшын тілі әдебиеті» тақырыбында әдістемелік кешен, оқушыға арналған жұмыс дәптері мен оқулығын әзірлеп облыстан қорғалып, 2016-2017 оқу жылында аудандық мектептерде іс тәжірибесі таратылды.
№5 бағытында пәндердің оқытылуы мен білім сапасына келетін болсақ 2016-2017 оқу жылының қорытындысы
Сыныптар І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан Жылдық
1-11 сыныптар 43% 49% 51% 52% 54%
Мектептің соңғы 3 жылдағы білім сапасының көрсеткіші
Оқу жылдары Білім сапасы Айырмашылығы
2014-2015 оқу жылының қорытындысы 53%
2015-2016 оқу жылының қорытындысы 49% -4%
2016-2017 оқу жылының қорытындысы 54% +5%


Ең жоғары көрсеткіш :
1 А сынып с/ж Аманбекова А. -80 %
1Ә сынып с/ж Қыстаубаева А-75%
1 Б сынып с/ж Сарсембаева А. -73%
1 В сынып с/ж Қайрақбаева А.-71%
2Ә сынып с/ж Сулейменова А. -71%
2Б сынып с/ж Рахманова А. -71%
Жоғары көрсеткішті көрсеткен 5 сынып, яғни 11,5 % үлесін көрсетті.
 Ең төменгі көрсеткіш :
9 «А» сынып с/ж Шоманова Р. -29%
7 «Ә» сынып с/ж Көшербаева Ж. -33%
8 «Б» сынып с/ж Кийкбаева Э. Д. -33%
8 «В» сынып с/ж Ахметжанова А. -33%
8 «А» сынып с/ж Ахметбаева А. -36%
8 «Г» сынып с/ж Бейсенбекқызы А. -36 %
6 «Б» сынып с/ж Құрманбекова А. -38%
7 «В» сынып с/ж Төребаева А. -39%
Төменгі білім сапасын көрсеткен 8 сынып, олар 15,3% үлесін құрайды.
Оқыту сапасына көңіл аударсақ
Төмен
0-40% Ауытқу
41-50% Жеткілікті
51-70% Жоғары
71- 100%
Физика қазақ сыныбы -44% орыс тілі орыс сыныбында 69%
информатика орыс сыныбы 68%
құқық негіздері орыс сыныбы68%
қазақ әдебиет қазақ сыныбында-67%
орыс әдебиет қазақ сыныбында67%
биология орыс сыныбы67%
Қазақстан тарихы66%
география орыс сыныбы 66%
Қазақстан тарихы66%
дүние жүзі тарихы65%
дүние тарихы орыс сыныбы64%
биология64%
орыс тілі қазақ сыныбында63%
қазақ тілі қазақ сыныбында-62%
қазақ тілі орыс сыныбында -62%
қазақ әдебиет орыс сыныбында61%
математика61%
геометрия орыс сыныбы 58%
шет тілі57%
алгебра орыс сыныбы 56%
химия орыс сыныбы 56%
физика орыс сыныбы55%
шет тілі орыс сыныбы55%
геометрия 52%
алгебра51%
химия51% құқық негіздері77%
орыс әдебиет орыс -73%
сыныбында73%
география 73%
информатика72%
математика орыс сыныбы71%

№6 бағыттағы барлық әдістемелік бірлестіктер пән айлықтары мен апталықтарын өткізілді. 2016-2017 оқу жылына қойылған мақсатты орындауда негізгі міндеттері бойынша пәндердің оқытылу жағдайын қадағалау жасау бағытында мектептің 7 пән бірлестіктердің оқытылу сапасы мен мемлекеттік стандарттың орындалуы зерделенді. Нәтижесінде:
 технология, музыка, бейнелеу өнері, өзін –өзі тану пәндер бірлестігі, химия, биология, география пәндер бірлестігі, дене шынықтыру мен алғашқы әскери жайындық пәндер бірлестігінің айлығының жүргізілу мен оқыту деңгейі «қаңағаттанарлық деңгейде» деп бағаланса, /42%/
 қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндер бірлестігі мен математика, физика, информатика пәндер бірлестігі «оптималды деңгейде» өткізілді. /28,5%/
 Бастауыш сынып пен орыс тілі мен ағылшын тілі пәндер бірлестігінің өткізілген айлық пен апталығы «өте жақсы» деңгейде өткізілді деп бағаланды. /28,5/
Жыл бойы өткізілген пәндердің оқытылуының зерделеуді ғана жүргізбей,сонымен қатар мектепішілік және аудандық өзара тәжірибе алмасу іс шаралары жоспарланып, өткізілді. Айлық барасында өткізілген іс шараларда ашық сабақ, оқушылармен өткізілген сыныптан тыс іс шаралар мен коучингтермен ғана шектеледі. Тек бастауыш сынып пен орыс тілі мен ағылшын тілі пән апталықтарда оқыту семинарлары өткізді. Осыдан келесі оқу жылында барлық әдістемелік бірлестіктерге пәндерді оқытылуын зерделеу мен пән апталағы барысында педагогикалық оқулар ұйымдастыру, жоғары санатты және деңгейлік курс бітірген пән мұғалімдердің шығармашылық есеп беру, педагогикалық зерттеу жұмыстарымен бөлісу, пәндік үйірмелердің шығармашылық бағыттағы жұмыстары мен пәндік көрмелер, дарынды балаларға арналған марафон мен интеллектуалдық ойындар, оқушылардың шағын зерттеу, шығармашылық жобаралын қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу ұсынылады.
Дегенмен өз іс –тәжірибелерін аудан , облыс көлемінде таратып, семинар практикумдарға қатысып жүрген мамандарды атасақ:
- Бейнелеу өнері пәні мұғалімдері Муражанова Даметкен Ділтайқызы мен Нұртаева Қарашаш Жуасбекқызы, технология пәні мұғалімі Ахметжанова Арай Көшкенқызы «Көркем білім беру үрдісіндегі инновациялық технология элементтерін қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар - практикумда үздік тәжірибелі сабақтар көрсеткені үшін облыстық әдістемелік кабинетінің сертификаттарымен марапатталды.
- Химия пәні мұғалімі Шынгисова Дина Аргинбековна педагогикалық шеберлік орталығымен ұйымдастырылған облыстық семинарда іс–тәжірибесімен бөлісіп алғыс хатымен марапатталды.
- Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Қойшыбаева Салтанат Аскербековна, Абишева Асель Джумадильдаевна, Құрманбекова Айман Арыстановна, Көшербаева Жалғас Сенбековна аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің №40 шағын орталықты орта мектебінің қабырғасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың тиімділігі» тақырыбында семинар практикумға қатысып, іс- тәжірибелерімен бөлісіп 4 ашық сабақ, 1 сыныптан тыс іс шара, 1 шебер сынып, 1 коучинг және пәндік көрме ұйымдастырылды.
№ 7 бағытындағы «Іс құжаттар жұмыс» бойынша әдістемелік бірлестіктің жинақ құжаттамаларын зердерделеуде әр мұғалімнің жеке өзіндік талдау есебі мен кәсіби өзін өзі жетілдіру жоспарлары қағаз жүзінде жүргізілетіні анықталды. Әдістемелік жинақ папкалар мен пән мұғалімдердің портфолиосында 2016-2017 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатта басшылыққа алынған бұйрықтар жаңадан шығып жатқан ұсынылымдар мен нұсқаулықтармен жаңаланбаған.
№8 бағытындағы «Пәнді оқыту үдерісінің нәтижесін талдау жұмыстары» бойынша пән мұғалімдердің портфолиосын ережеге сай ұйымдастырылуы тек математика пәні мұғалімі Тоқмолдаева Жанна Ғалымжановна, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Қойшыбаева Салтанат Аскербековна, Абишева Асель, Көшербаева Жалғас, Құрманбекова Айман,биология пәні мұғалімі Ахметжанова Алия, бастауыш сынып мұғалімі Қайрақбаева Айнур, Касеева Қамшат, Досжанова Гүлнар, Абдикаримова Айгүл, Рахменова Айжан ұйымдастырылған.
№9 бағытындағы пән мұғалімдердің әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалды дайындауда тек журналдар мен сайттарға сабақ жариялаумен шектеледі. Педагогтар шығармашылық жұмысындағы аналитикалық есептер мен мақалаларды әдістемелік жинаққа жариялау қолға алмаған.
№10 оқушылардың шағын зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесі немесе шығармашылық жобаларлармен айналысу мектептегі оқушының нақты жобалармен айналысқандар. Нақты айтқанда
Бастауыш сынып мұғалімі Исабекова Фарида Омаровнаның 1 «Г» сынып оқушысы дүниетану бағыты бойынша «Шұбаттың емдік қасиеті» тақырыбындағы зерттеу жұмысы:
Бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Айжан
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Нуртаева Қарашаштың
Мектеп бойынша 1128 оқушыдан 4 оқушы ғана зерттеу жұмыстарымен айналысатындығы көрініс тапты.
№12 Жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру бағыты бойынша мектепте 2016-2017 оқу жылының басында математика бірлестігінде Сулейманова Гүлнур мен биология пән бірлестігінен 1маман, дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық пән бірлестігінде 3 маман бар болғанымен,бірлестік жетекшілер мен тәлімгерлер тарапынан әдістемелік көмек көрсетілмейді, бағыт бағдар беру деңгейі жеткіліксіз.
№13 Оқу кабинеттерінің жабдықталуы барлық пән бірлестіктері бойынша жалпы қаңағатанарлық денгейде болғанымен, ішінара пән кабинеттерінде стенд, көрнекі құралдармен безендірілгенімен көрнекі құралдар, оқушылардың тәжірибе жасалған жұмыстарының нәтижесінің бұрышы ұйымдастырылмаған ұлдардың технология кабинеттерінде тақырыптық стенділер, белгілі бір тақырып пен оқушылар қолымен жасаған бұйымдарының көрмеге қоярлықтай жұмыстар жинақталмаған. №1,2,4 ағылшын тілі кабинеттері мен №3 өзін –өзі тану кабинетінің дидактикалық материалдарымен жабдықталу деңгейі жеткіліксіз.
№14 пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиада, байқауларға қатысуды ұйымдастыру
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Айгүл Батырхановна Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған ҚАЗТЕСТ- тен ең жоғары -137 балл алғаны үшін алғыс хатымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абитова Алия Қазыкенқызы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мәңгілік ел- нұрлы жол қазақтың» тақырыбында эссе жазу байқауында жеңімпазы атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Көшербаева Жалғас Сенбековна «Үш тілде білімді ілгерлету жобасын жүзеге асыру мақсатында аудандық «Ағылшын тілің үздік жас маманы» байқауының Бас жүлдегерінің дипломымен марапатталды.
География пәні мұғалімі Бейсенбекқызы Айгүл пәндік облыстық қашықтық олимпиадасының ІІ аудандық кезеңінің жеңімпазы атанып, облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2016-2017 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмыстың қорытындысын шығара келе әр пән мұғалімдерді 12 критериялар бойынша бағаланды
- Мұғалімнің кәсіби байқауларға қатысу 13
- Семинар мен конференцияларды іс тәжірибесін тарату -16 мұғалім
- Пед оқулардаға қатысу-0
- Біліктілік арттыру курс – 25 пән мұғалім өтті
- Авторлық бағдарламалар дайындау-4 дайындалып таратылды.
- Мақала жариялау-35 тек сабақтарды жариялаумен шектелген;
- Оқушылардың пәндік олимпиадалардағы жетістігі-11 жүлделі орын.
- Оқушылардың марафон, шығарма, эссе, байқауларда жетістіктері-59 оқушы орын алды.
- Қашықтық олимпиадаларда жетістіктері-175 орын.
- Оқушылардың ғылыми жобалармен айналысуы-0
- Білім сапасы - 54%

Әдістемелік бірлестіктердің көрсеткіштерін саралай келе пайыздық көрсеткішпен
1. Ағылшын тілі мен орыс тілі бірлестігі -36%
2. Қазақ тілі мен тарих пәні бірлестігі -26%
3. Математика, физика, информатика пәні бірлестігі -25%;
4. Химия,биология, география пәні бірлестігі- 24,3%;
5. Бастауыш сынып пәні бірлестігі -20%
6. Өзін –өзі тану, технология, бейнелеу өнері , музыка пән бірлестігі -19,25%;
7. Дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық пәні бірлестігі-10%

Ең жоғары көрсеткіш көрсеткен пән мұғалімдердің көрсеткіш пайызы мен
1. Қойшыбаева Салтанат Аскербековна -50%;
2. Тұрлыбекова Айгүл Данебековна -50%
3. Көшербаева Жалғас Сенбековна -50%
4. Щукина Людмила Генадьевна -40%
5. Исабекова Фарида Омаровна -40%
6. Қыстаубаева Айткуль Буркітбаевна -40%
7. Нуралиева Гүлнара Мырзахановна - 40%
8. Абишева Асель Джумадильдаевна -40%
9. Курманбекова Айман Арыстановна -40%
10. Даулбаева Мадина Оралбековна -40%
11. Тоқмолдаева Жанна Галымжановна -40%
12. Муражанова Даметкен Дильтаевна -40%
13. Зейтаева Гүлмира Галихановна -40%

Төмендегі педагогтар тізімі жыл бойында тек үш санаттар бойынша көрсеткіштер көрсетіп, қойылған критериялардың 30 % - н орындаған мұғалімдерді атасақ: Аманбекова.А.М, Нургалиева.М.Б, Жиенбекова Л.Қ, Касеева.К.Т, Жақсыбаева.Г.Д., Сыздыкова.Г.А., Адамжанова.Ж.Ж ,Қайрақбаева.А.С. , Үсенова.Б.Д, Алтынбекова Г.С., Торебаева А. М., Балахшиева Н. А., Шоманова Р. С., Кунтуарова А. М., Бейсенбекқызы А., Ахметжанова А. О., Бектемирова Б. Т., Кабардина Л. А. 30% орындаса,
Ауытқу деңгейде тұрғандар Назарбекова.А.М. Есжанова.Г.Ш, Куандыкова.Ж.Е. Абдыкаримова.А.Д., Досжанова Г.Ж., Нұрымова.А.А, Жиенбекова.А.А., Рысқұлбекова Ж.Т., Абитова.А.К, Алкеева.Ш.Б., Көшербаев.А., Мурадов.Д.Х., Искакова.С.А., Кийкбаева.Э.Д., Сералина.Г.М., Таджиева.Ж.А., Сулейменова.Г.Ж., Шыңғысова.Д.А., Қыдырбаева.А. Кеншінбаева.Р. Байкулов.А.С., Ахметбаева.А.К., Нуртаева.Қ.Ж, Имашев.С.А, Айдаров Д., Әбдіманапов Б. Т.
Төменгі деңгейде берілген критериялардың 10 % ғана орындаған Сүлейменова А.Т., Тезекбаева.К.М., Калашникова.Г.Н., ДаданбаеваК.Т., Рахманова .А.А., Сарсембаева.А.Ш., Махмедова.А.Т., Перевезенцева.Н.В., Егембердиева.Р.М..
Сонымен қатар мүлдем көрсеткіштер көрсетпеген мұғалімдерді атасақ: Шакирова А., Молжанова М., Шамғон А., Темірбеков А., Мұқатай А., Сейпішев Б., Алимқожаев А., Тулебаев Қ., Дулатов А.,
Қорытындылай келе, мектептің ғылыми - әдістемелік жұмысы жүргізілуі қаңағатанарлық деңгейде. Дегенмен пән мұғалімдер мен пән бірлестіктерінің жыл бойы жұмыстарына сараптама жасай келе жеткен жетістіктермен қатар кемшілік тұстарыда орын алды.
Кәсіби байқаулар мен пән мұғалімдердің авторлық бағдарламаларды дайындау, пед оқуларға қатысу мен оқушыларды ғылыми шығармашылық жобалармен айналысу орын алмады.
Жоғарыда аталған барлық кемшіліктерді айқындай отырып, ғылыми –әдістемелік кеңес пен әдістемелік пән бірлестіктерінің негізгі міндеттері ретінде қабылдау керектігі ескеріледі.
әдістемелік кеңестің 2017-2018 оқу жылына қойылған міндеттері :
1. Педагогикалық шығармашылықты іс-әрекеттің өздігінен іске асыру мақсатында әдістемелік бірлестік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру.
2. Жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету.
3. Материалды техникалық базаны нығайту мақсатында кабинеттерді әдістемелік құралдармен жабдықтау.
4. Әдістемелік пән апталықтарында іс шаралар жоспарын түрлендіру;
5. Сараптамалық талдау жұмыстарын жүйелендіру
6. Озық тәжірибелі пән мұғалімдернің шығармашылық есеп беруін қолға алу.
7. Авторлық бағдарламаларды дайындау мен іс тәжірибесін тарату;
8. Оқушылардың құзыреттілігін дамыту мақсатында шағын жобалар мен зерттеу және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруды қолға алу;
9. Педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында кәсіби байқауларға қатыстыру.
10. Пәндерді оқыту айлықтары мен апталықтарды дайындау мен өткізу мерзімдері
1. Дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық пәндер бірлестігінің айлығы қазан айында;
2. Ағылшын тілі мен орыс тілі пәндер бірлестігінің айлығы қараша айында;
3. Қазақ тілі мен тарих пәндер бірлестігінің айлығы желтоқсан айында;
4. Математика, физика, информатика пәндер бірлестігінің айлығы қаңтар айында;
5. Химия, биология, география пәндер бірлестігінің айлығы ақпан айында;
6. Технология, бейнелеу өнері, музыка және өзін –өзі тану пәндер бірлестігінің айлығы наурыз айында;
7. Бастауыш сыныптар бірлестігінің айлығы сәуір айында;
8. Мектеп алды даярлық тобы және «Айналайын» бала бақшаласының зерделеу айлығы мамыр айына қою.
9. Сонымен қатар мектепте шығармашылық топтың апталығы қыркүйек айына;
10. Тәрбие беру мен құқық бұзушылықтың алдын –алу айлығын ұйымдастыру;
11. Дарынды балалармен жұмыс бағытында оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында каникулдар мерзімінде түрлі байқау іс шараларын өткізу.




Ұсыныстар:
1. Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда пән мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруде жауапкершілігін күшейту, бірлестік жетекшілері тарапынан қадағалау.
2. Әдістемелік бірлестік жетекшілері сараптама, талдау жұмыстарын жасауда жан –жақты шығармашылық бағытта әдістемелік құралдарды қолдана отырып жүйелендіру, уақытылы өз мерзімінде орындау.
3. Пән апталықтарындағы іс шараларын жоспарларын түрлендіру.
4. Пәндерді оқыту айлықтары мен апталықтарды дайындау мен өткізуде пән мұғалімдерінің жауапкершілектерін арттыру.
5. Мектептің әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы нәтижесінде аталған келесі оқу жылындағы міндеттерді басшылыққа алу;
6. Мектеп мұғалімдерінің қызмет нәтижесін талдау барысында А.Тұрлыбекова, С.Қойшыбаева, Ж. Көшербаева «жоғары көрсеткіш көрсеткен пән мұғалімдер» деп тану.
7. Жетістіктері төмен және төменгі білім сапасын көрсеткен пәндер дене шынықтыру мен физика пәні пәндік бақылауға алу.
8. ОЖСБ-ға дайындау мақсатында 4,9,11 сыныптарды сыныптық бақылауға алу.




































Шешім:
1. 2016-2017 оқу жылында мектептегі әдістемелік кеңестің атқарылған жұмыстары қаңағаттанарлық деңгейде деп танылсын.
2. 2017-2018 оқу жылына әдістемелік кеңестің жұмысын ұйымдастыруда қойылған қойылған міндеттер қабылдансын.
3. Әдістемелік бірлетік жетекшілері жылдық қорытынды жасауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген негізгі әдістемелік бірлестікке қойылатын талаптары орындалсын.
4. Пән апталықтарындағы іс шараларын жоспарларын түрлендірілсін, іс шараларды өткізуде пән мұғалімдерінің жауапкершілегі арттырылсын.
5. Жетістіктері төмен пән мұғалімдері жеке бақылауға алынсын.
6. Жетістіктері төмен және төменгі білім сапасын көрсеткен пәндер дене шынықтыру мен физика пәні пәндік бақылауға алынсын.
7. ОЖСБ-ға дайындау мақсатында 4,9,11 сыныптарды сыныптық бақылауға алынсын.

Категория:

 

Баяндама

Автор: admin от 13-06-2017, 03:18, посмотрело: 1671

0 №40 шағын орталықты орта мектеп


Баяндама тақырыбы:
«Мектеп - оқушы - ата-ана» үштік одақтың байланысы – білім сапасын арттырудың айқын жолы»





Мектеп директоры Г.Тұрлыбек


















«Адамзат шығармашылығындағы ең қиын екі өнер – тәрбиелеу
мен басқару шеберлігі» деген екен данышпан, философ И.Кант.

Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтар, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Ендеше, баланың өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ананың көмегімен отбасында қаланып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» деп бұл мәселенің өзектілігін айқындай түсті .
Тәрбие жұмысында «Мұғалім-оқушы-ата-ана» үштік одақтың жұмысы дұрыс ұйымдастырылғанда, өзінің нәжесін береді. Біз ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту, ата-ананы оқу-тәрбие жұмысына субьект ретінде тарту және оқушылардың білім сапасын артуына ықпалын күшейту мақсатында «Мектеп - оқушы - ата-ана» үштік одақтың байланысы – білім сапасын арттырудың айқын жолы» тақырыбында сіздермен бүгін конференция ұйымдастырып отырмыз. Бұл конференциядан күтілетін нәтиже: ата-аналар оқушылардың оқу-тәрбие процесіне араласып , білім сапасының көтерілуіне ықпал жасап, ұсыныстар береді.Өздеріңіз куә болып отырған конференцияға _____ата -ана, ______мұғалім, _____ оқушы қамтылып отыр. Конференцияның жоспарына 1- 9 сынып аралығында тренинг сабақ, он бір ашық сабақ,он тоғыз тәрбие сағаты,он төрт коучинг енді.
Тәрбие жұмысының бағыттарына сәйкес:
1. Патриоттық және құқықтық тәрбие;
2. Отбасы тәрбиесі;
3.Рухани-адамгершілік тәрбие;
4. Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениет тәрбие;
5. Еңбек ,экологиялық тәрбие;
6. Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыттары қамтылды.
Мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындатып отырған педагогтардың сапалық құрамына тоқталсақ:


2015-2016 оқу жылы
Барлығы 90 100%
Жоғары білімді 78 86,6%
Арнаулы орта 12 13,3%
Аяқталмаған жоғары 0 0%

Біліктілік санаттары бойынша 2015-2016 оқу жылы
Жоғары санатты 30 33,3%
Бірінші санатты 20 22,2%
Екінші санатты 22 24,4%
Санаты жоқ 18 20%
Біліктілік потенциалы 55,5%

Бүгінгі күнге деңгейлік курстар бойынша сертификатталған мұғалімдер саны-15, бұл жалпы санның 18%, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер саны- 50, бұл жалпы санның 55,5%, жалпы оқушылар саны 1088, сынып комплектісі бойынша -50, үздік оқушылар саны-101, екпінді оқушылар саны – 320, ол жалпы санның 43% құрап отыр. Оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша ең жоғарғы білім сапасын көрсетіп отырған 2«а», 2 «ә» сыныптары 70 % құраса, өкінішке орай 7«г» сыныбы 13% төмен білім сапасын көрсетті. Осыған байланысты 7 «г» сынып оқушыларының ата-аналарымен тығыз байланыса отырып жұмыс істеу мақсатында ата-аналар тарпынан сабаққа қатысу кезекшілігі ұйымдастырылып, оқушылардың сабақтарға жүйелі дайындалуы үйде де, мектепте де бақылауға алынды.
Мектеп оқушыларының пән олимпиадалары мен түрлі байқауларға қатысу деңгейі бойынша 2012 жылы - 29 орын, 2013 жылы - 36 орын, 2014 жылы – 38 орынды иеленіп, 2015 жылы - 40 орынды иеленіп, жыл сайын оқушылар қызығушылығы артып,белсенділік танытуда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектебімізде «Ертегілер елінде», «Апликация әлемінде» «Логика әлемі», «Фитодизаин», «Баскетбол», «Волейбол», «Этюд», «Тоғыз құмалақ» үйірмелері ұйымдастырылған. Оқушылардың үйірме,спорттық жарыстарға қатысуының соңғы үш жылдық көрсеткіштеріне тоқталсақ, 2013 жылы 76 орын, 2014 жылы 105 орын, биылғы 2015-2016 оқу жылының I жарты жылдығында 56 орынды иеленген оқушыларымыз мектебіміздің және ауданымыздың мақтанышына айналды.
Мектебімізде оқушының жеке басының шығармашылық потенциалын арттыра отырып, көшбасшылыққа тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымы құрылған. Мектебіміздің көшбасшы оқушыларымызға тоқталсақ:
№ Оқушының аты-жөні сыныбы Іс-шара атауы Иеленген орны
1 Дькова Алина 9 «в» Аудандық «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты көрініс байқауы І
2 Құлмахан Әйгерім 10 «а»
3 Асқар Биназар 4 «а» Аудандық «Тәуелсіз Қазақстан!» тақ. сурет байқауы III
4 Иманқұлова Диана
6 «ә» «Жас ұлан 2015» республикалық армия әндері фестивалі III
5 Имантай Нурғиса 6 «А» III
6 Мұқатай Тайыр 6 «А» III
7 Бекназар Асел 10 «а» Облыстық «Алтын қалам» атты шығармашылық байқауын Мадақтама
грамотасы
8 Көшербай Айдана 10 «а» Аудандық «Ақиық ақын Мұқағали,ел есінде» байқауы II
9 Иманқожаев Бекарыс 7 «б» облыстық «Жоғарғы сынып оқушыларының азаматтық және патриоттық белсенділігі» конференция сертификат
10 Ажмағанбетова Ұлжан 7 «А»
11 Қанатбекұлы Бауыржан 8 «А»
12 Меркібай Жания 8 «ә»
13 Мұратқызы Аяулым 8 «ә»

Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен байланысты орнату мақсатында аудандық, облыстық семинарлар ұйымдастыру арқылы педагогтарымыз тәжірибе алмасуы, кәсіби дамуы артуда.
Біз жүргізген зерделеу педагогтардың кәсіби дамуындағы өзгерістер педагогикалық шеберханалар, әдістемелік семинарлар, шеберлік сыныптар, желілік қоғамдастықпен бірге басқа да іс-шараларда өсуді көрсетті. Мысалы, семинар-практикум, ғылыми практикалық конференцияларға қатысуда өсу байқалды.


Педагог қызметкерлер аудандық, облыстық, республикалық байқауларға белсене қатысып 2013 жылы- 18 орын, 2014 жылы - 50 орын, 2015жылы - 51 орын иеленді.Яғни бұл көрсеткіш педагог қызметкерлердің кәсіби байқауларға қатысу деңгейінің артқандығын көрсетеді.
Мектебімізде соңғы екі жылда тәрбие жұмысындағы отбасы тәрбиесі бағытында, сынып жетекшілер жаңа әдіс-тәсілдер қолданыла отырып, ата-аналардың өз пікірлерін ашық ортаға салуға арналған топтық жұмыстар, сауалнамалар алынып, жоспарлы түрде ата-аналар жиналысы кестеге сәйкес барлық сыныптарда бір мезгілде өткізілу дәстүрге айналды. Бұндай әдіс-тәсілдерді қолдану мақсаты сыныптық жиналыстарға ата-аналарды толыққанды тарта отырып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау арқылы ортақ шешімін табу болатын.Әрбір сыныптық ата-аналар жиналысында қатысу журналы жүргізіліп,хаттамаланып, мониторинг сараптамасы жасалды.Мектеп оқушыларының күнделікті сабаққа қатысуында олардың құқық бұзушылығының алдын-алуда,білім сапасының сараптамалық көрсеткішін талқылауда ата-аналар мен мектеп әкімшілігі тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.Барлық сыныптың ата-аналары мектепте ұйымдастырылып жүрген көптеген іс-шараларға өз тараптарынан ат салысуда.Бұл әсіресе бастауыш сыныптың ата-аналарында көрініс табуда. Жасөспірімдердің қаңғыбастығының, бұзақылығының, бопсалаудың алдын-алуда ата-аналар тарапынан назардан тыс қалмайды.Осыған орай соңғы екі жылда АIIБ-де ЮПТ-ның тіркеуіне оқушы алынған жоқ. Ата-аналардың жиналысқа қатысуы бойынша соңғы екі жылды салыстырағанда , өсу динамикасы байқалды.



Қорыта келе, дейгейлік курстан өткен көшбасшы педагогтарымыз мектептегі оқу-тәрбие жұмысына жаңа серпіліс беріп, ата-аналар жиналыстарының өткізілу формасын түрлендіру, тренингтер, ата-аналарға түрлі тақырыптағы видео роликтер, ойындар, жағдаяттық көріністер арқылы баланы тәрбиелеу жолдары туралы кеңестер, сауалнамалар, ата-аналардың өз пікірлерін ашық ортаға салуға арналған топтық жұмыстарда жаңа әдіс-тәсілдер қолданылуы, бала тәрбиесінде өз нәтижесін көрсетуде.
Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог А.С.Макаренконың «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек - әлем тарихын тәрбиелейді» деген аталы сөзімен аяқтағым келеді.

Категория: