21
қаңтар
2017
Өлкетану
Шу ауданы облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы 12 мың шаршы шакырым. Халық саны 94,3 мың адам. Әкімшілік орталығы Төле би ауылы. Ауданда аудандық (мәні бар) Шу қаласы бар. Ол Тараз қаласынан 260 шақырым, ал аудан орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық орны
Ауданның көпшілік жері жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығысы таулы. Батысын Мойынқұм алқабының құмды-қырқалы төбелері, шығысын Кіндіктас сілемінің батыс бөлігі, орталық және солтүстік бөлігін Шу-Іле тауларының Айтау, Хантау, Аңырақай таулары, қиыр солтүстігін Жусандала үстіртті даласы алып жатыр. Жер қойнауынан мыс рудалары (Шатыркөл кен орны) мен құрылыс материалдары барланған.
Табиғаты
Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда – 6 – 9 С, шілдеде 24 – 25 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 250 мм.
Аудан жерінің басым көпшілігі сұр, сортаңды сұр, құмдақ топырақты (Мойынқұм және ауданның орталық мен солтүстік бөлігі), оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы өңірінде қоңыр, бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, өзен аңғарлары бойында шалғынды сұр топырақты. Өсімдігіне жусан, боз, күйреуік, баялыш, бетеге, ши, қамыс,құрақ, қарағаш, көктерек, сексеуіл басым. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан, т.б. кездеседі.